Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақстанда балалардың әл-ауқаты артып келеді

Қазақстанда Балалардың әл-ауқаты индексі бойынша жүргізілген әлеуметтік зерттеу балалардың құқықтық қорғалуы мен өмір сапасының жақсарып келе жатқанын көрсетті.

Зерттеуге балалар, ата-аналар және педагогтер қатысқан. Қорытынды бойынша, балалардың құқықтық қорғалуының орташа деңгейі 90,3%-ды құрады. Бұл олардың өз құқықтары туралы хабардарлығын және қажет болған жағдайда қорғау тетіктерін пайдалана алатынын аңғартады. Ең жоғары көрсеткіштерді Қостанай (94,5%), Маңғыстау (93,5%) және Қызылорда (93,1%) облыстары көрсетті.

Балалардың өміріне қанағаттану деңгейі де маңызды көрсеткіштердің бірі болып табылады. Орта есеппен 10–18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 85%-ы өзінің әлеуметтік және психологиялық жағдайына оң баға берген. Қостанай облысы (90,1%), Шымкент қаласы (88,7%) және Қызылорда облысы (88,5%) алдыңғы қатарға шықты.

Зерттеу барысында отбасы ішіндегі сенім деңгейіне ерекше көңіл бөлінді. Жасөспірімдердің 90,4%-ы ата-анасымен ашық сөйлесе алатынын айтқан. Бұл тұрғыда Ұлытау облысы (97,5%), Астана қаласы (95,3%) және Қостанай облысы (94,7%) жоғары нәтиже көрсетті.

ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова зерттеу нәтижесіне тоқталып:
«Балалар әл-ауқаты индексі – баланың денсаулығы, білімі, отбасы және әлеуметтік ортасын қамтитын маңызды көрсеткіш. Біздің мақсатымыз – ең алдымен балалардың өз үнін есту. Зерттеу нәтижелері олардың өздерін қауіпсіз сезінетінін, ата-анасымен жақсы қарым-қатынаста екенін және болашағына сеніммен қарайтынын көрсетіп отыр», – деді.

Айта кетейік, 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда Балалардың әл-ауқаты индексі тұрақты өсім көрсетіп, орташа республикалық көрсеткіш 58,6 балға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 пунктке жоғары.

Ұқсас жаңалықтар

Риддерде қазақ мектебін жаппауды сұраған блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

redaktor_qazyr

Прокурор тәуелсіз журналист Думан Мұхаммедкәрімді 7 жылға соттауды сұрады

redaktor_qazyr

17-23 қараша аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өтеді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz