Qazyr.kz порталы
Қазір

Қазақстанда дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді: ҚК-нің 232-1-бабы күшіне енді

2025 жылдың 16 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне дропперлік үшін жауапкершілікті қарастыратын жаңа 232-1-бабы енгізілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Банк шотына, төлем немесе сәйкестендіру құралдарына заңсыз қол жеткізу, оны беру немесе алу, сондай-ақ заңсыз төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру, оның ішінде материалдық сыйақы үшін үшінші тұлғаларға банк картасын беру әрекеттері дропперлік болып саналады.

Бұл әрекет интернет-алаяқтықтың негізгі әдістерінің бірі және ұрланған қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мен шығару үшін қолданылады.

Іс-әрекеттің ауырлығына, сипатына және алынған пайда мөлшеріне қарай 232-1-бап айыппұлдан бастап, мүлікті тәркілей отырып 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Аталған норма кибералаяқтыққа қарсы жүйелі күресті, азаматтардың қаржылық қауіпсіздігін нығайтуды және цифрлық ортада әрекет ететін қылмыстық топтардың қызметін тоқтатуды көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

«Ақшаны үнемдеңіздер»: Елімізге танымал сынықшы Бағдагүл Лепесова халықты тойшылдықты азайтуға шақырды

redaktor_qazyr

Варшавада «Польша — Қазақстан» сауда-инвестициялық форумы өтті

admin_qazyr

Алматыда АҚШ косулдығының ғимараты салынады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz