Qazyr.kz порталы
Аймақ

Өтеғұл елді мекенінде жаңа мектептің тыныс-тіршілігі таныстырылды

Шардара ауданының Өтеғұл елді мекенінде  №3 жалпы білім беретін “Келешек мектептері” жобасы аясында садынған жаңа білім ордасында ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті. Жаңа мектеп бір ауысымда 300 оқушыны қабылдауға қауқарлы және заманауи талаптарға толық сай салынған.

Оқу ордасында пән кабинеттері толық жабдықталған. STEM-зертханалар, биология, химия және физика кабинеттері тәжірибелік сабақтарға арналған құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ оқушылардың шығармашылық пен спорттық әлеуетін дамытуға арналған хореография және музыка залдары, спорт алаңы, еңбек шеберханалары, кітапхана, коворкинг пен демалыс аймақтары бар.

Ашық есік күні ата-аналар мектептің ішкі тәртібімен, оқу кабинеттерімен, асхана және спорт залымен танысты. Мектеп директоры Еркінәлі Ақбердиевтің айтуынша, басты мақсат – оқушыға сапалы білім беру ғана емес, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау.

– «Бүгінгі кездесу – ата-аналар мен мектеп арасындағы сенімді серіктестікті нығайтуға арналған қадам. Жаңа білім ордасы балаларға ғылыммен, өнермен, спортпен айналысуға толық мүмкіндік береді», – деді ол.

Шараға қатысқан ата-аналар жаңа мектептің заманауи талаптарға сай салынғанын, оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға жағдай жасалғанын атап өтті.

– Бүгінгі таныстыру шарасы бізге үлкен әсер қалдырды. Жаңа мектептің оқу кабинеттері кең, заманауи жабдықталған екен. Әсіресе балалардың қауіпсіздігі мен дамуына барлық жағдайдың қарастырылғанына қуанып отырмыз. Осындай ортада өскелең ұрпақтың білімге деген ынтасы арта түсетініне сенімдімін. Балаларымыз білім алатын жаңа келешек мектепті көріп көңіліміз толып отыр. Әр бұрышын балалардың игілігі үшін ұтымды пайдаланған. Бос уақыттарында, үзіліс кезін тиімді пайдалануға болады. Енді барлық жағдайы жасалған осындай мектепте балаларымыз тек білім алу керек. Балардың игілігі үшін жасалған мықты жоба, — дейді  ата-ана.

Айта кетейік, “Келешек мектептері” ұлттық жобасы Түркістан облысында қарқынды жүзеге асып жатыр. Қазіргі таңда өңірде 29 мектептің 21-і пайдалануға берілген. Жақын арада тағы 8 жаңа білім ошағы қолданысқа енгізілмек.

Ұқсас жаңалықтар

Бір мақсат – бір қауіпсіздік: қос ел теңізшілері бірлескен жаттығу өткізді

admin_qazyr

Ақмола кәсіпкерлері қаржы вице-министрімен кездесуде салық реформаларын талқылады

admin_qazyr

Алматы – Орталық Азияның гастрономиялық астанасы ретінде таныстырылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz