Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Қазақстан халықаралық авияциялық хаб құруды бастады: Алматы әуежайы жаңғыртылады

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының халықаралық авиациялық хаб құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Алматы қаласының әуежайын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді өткізді деп хабарлайды Qazyr.kz.

TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптан мен Алматы халықаралық әуежайының президенті Гөкер Көсе Horizon компаниясының 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндады.

Қазіргі таңда ішкі рейстер терминалын реконструкциялау, мұздан тазартатын заманауи платформасын құру, жақын маңдағы тұрғын үйлерді шудан оқшаулау және басқа да жұмыстар жүргізілуде.

Алматы әуежайын жаңғырту  тұжырымдамасында негізгі жолақты толық реконструкциялау арқылы үш ұшу-қону жолағынан тұратын жүйе құру, жүк перронының құрылысы, логистикалық және қойма кешендерін, жолаушыларға арналған заманауи инфрақұрылымды салу  көзделген. Жаңғырту жұмыстары 2050 жылға қарай әуежайдың жыл сайынғы өткізу қабілетін 55 млн жолаушыға және 500 мың тонна жүкке дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда әуе айлағы жылына 12 млн-нан астам жолаушыға қызмет көрсетіп, ҚР-да авиатасымалдау көлемінің 70%-ын қамтамасыз етеді.

TAV Airports Holding басшылығы бүгінгі күнге дейін $260 млн инвестицияланғанын хабарлады және жобаның барлық кезеңінің жедел орындалуы үшін әуежай пайдасын одан әрі қайта инвестициялауға дайын екенін растады.

Олжас Бектенов Алматы қаласының әуежайы Президент тапсырмасымен еліміздің алты қаласында құрылып жатқан біртұтас экожүйе тізбегіне кіретінін атап өтті. Жаңа деңгейдегі инфрақұрылымды құру және әуе айлағының өткізу қабілетін арттыру үшін барлық жұмысты уақтылы аяқтаудың маңыздылығын айтты.

Жиын қорытындысы бойынша Премьер-министр салалық министрліктер мен Алматы қаласы әкімдігіне реконструкциялау жұмыстарының сапалы әрі уақтылы аяқталуын жіті қадағалауды тапсырды.

Ұқсас жаңалықтар

Бастапқы білім беру инфрақұрылымы толық жаңарады: 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр

admin_qazyr

ШҚО: «QaiMak Resort» Шыбындыкөлде демалыс базасын салады

admin_qazyr

Биыл Батыс Қазақстан облысының экономикасына 567 млрд теңге инвестиция тартылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz