Qazyr.kz порталы
Қазір

2026 жылдан бастап тегін медициналық көмек пен әлеуметтік сақтандыру аясындағы қызметтер ҚҚС-нан босатылады

Қазақстанда 2026 жылдан бастап салық саясатына маңызды өзгерістері енгізілмек. Денсаулық сақтау министрлігі жаңа Салық кодексін жүзеге асыру аясында медициналық қызметтер мен дәрілік препараттарды қосылған құн салығынан  босатуды көздейтін Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Qazyr.kz

Жобаға сәйкес, кепілдендірілген тегін медициналық көмек және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  жүйесі шеңберінде көрсетілетін қызметтер мен берілетін дәрілер ҚҚС төлеуден босатылады. Бұл шара  сирек кездесетін және әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу, диагностикалау, алдын алу және оңалту саласына қатысты болмақ.

Мұндай бастама пациенттерге қосымша қаржылық ауыртпалықсыз медициналық көмек алуға мүмкіндік беріп, медициналық ұйымдар үшін де салықтық жеңілдік тудырады. Сонымен қатар, дәрілік заттарды – әсіресе сирек және әлеуметтік маңызды ауруларға арналған препараттарды – импорттау мен сатуға дейінгі кезеңде де ҚҚС алынбайды.

Бұл шешімнің басты мақсаты – пациенттерді қолдау, отандық фармацевтикалық компанияларға қолайлы жағдай жасау және медициналық ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын арттыру болып табылады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақ киносының онкүндігі Жетісуда өтіп жатыр

admin_qazyr

Қазақстанда 2025–2030 жылдарға арналған өңірлерді орнықты дамыту тұжырымдамасы бекітілді

admin_qazyr

Жұмысынан айрылған 106 мың адам әлеуметтік төлем алды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz