Qazyr.kz порталы
БілімЖаңалықтарҚазір

Жұмысшы мамандықтар жылы: колледж педагогтерінің кәсіби деңгейі көтерілуде

Биыл 5000-ға жуық колледж қызметкері «Talap» КеАҚ ұйымдастырған заманауи педагогикалық құралдарды енгізу, білім беру процесін цифрландыру және тәжірибеге бағытталған оқытуды күшейту бағытында біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде 4500 педагог пен 580 колледж директоры қамтылды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Курстар 11 бағыт бойынша жүргізілді, оның ішінде IT, электр энергетикасы, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тігін және дәнекерлеу өндірісі, автомобиль көлігі мен қоғамдық тамақтану салалары бар.

«Колледж директорлары мен олардың орынбасарларының біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді. Оқыту бағдарламалары басқарушылық құзыреттерді дамытуға, бизнес-процестерді тиімді басқаруға және колледждердің цифрлық трансформациясына бағытталды», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Педагогтер еліміздің жетекші өндірістік алаңдарында ұйымдастырылған тағылымдамада өз білімдерін жетілдіріп, салалық озық тәжірибелерді меңгерді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Алматыны көгалдандыру үшін көшеттер тегін таратылады

admin_qazyr

Қазақстандағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі ұлғайды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz