Qazyr.kz порталы
АймақЖаңалықтарҚазір

Орал қаласында жаңартылатын энергия технологиялары таныстырылды

Қазақстан мен Ресейдің XXI өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Орал қаласында APEC PetroTechnic жоғары колледжі «Жұмысшы мамандықтар – экономикалық өсімнің драйвері» тақырыбымен энергетика және экология бағытындағы жаңа технологияларға арналған көрме өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер мен жас мамандарды заманауи энергия жүйелерімен таныстыру және жаңартылатын энергия көздерін тиімді пайдаланудың маңыздылығын көрсету.
Көрме барысында APEC PetroTechnic инженерлері жаңартылатын энергия көздерін қолдануға арналған интеграцияланған жүйені ұсынды. Экспозицияның басты элементі — USFULL энергетикалық модулі. Бұл модуль күн панельдерінен (PV Input) және айнымалы ток желісінен (AC Input) қуат қабылдай отырып, оны түрлендіріп, әртүрлі тұрмыстық құрылғыларды үздіксіз энергиямен қамтуға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда:
AC (220 В) желісі арқылы:
теледидар
ыдыс жуғыш машина
шаңсорғыш
DC желісі арқылы:
жылытқыш
кондиционер
мұздатқыш
Көрменің келесі бөлімі ауыл шаруашылығына арналған күн энергиясымен жұмыс істейтін су айдау қондырғысына арналды. Арнайы орнатылған күн панелі сорғыны қуатпен қамтамасыз етіп, суды қажетті арнаға айдайды. Бұл жоба күн энергиясын тұрмыстық және өндірістік салаларда кеңінен қолдануға болатынын нақты көрсететін тиімді шешім ретінде таныстырылды.
APEC PetroTechnic мамандарының айтуынша, мұндай практикалық жобалар студенттерге тек теориялық білім ғана емес, сонымен қатар инженерлік ойлау қабілетін, технологиялық инновацияларды түсінуін және тәжірибелік дағдыларын дамытуға зор мүмкіндік береді.
Іс-шараға қатысушылар жасыл энергия көздерінің экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімділігін өз көздерімен көріп, олардың болашақта кең ауқымда қолданылатынына көз жеткізді.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» шеңберінде ұйымдастырылған бұл шара техникалық білім мен инновацияны ұштастыра отырып, Қазақстанның тұрақты дамуына қосылған маңызды үлес болып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады

redaktor_qazyr

Әскердегі әлімжеттік: «айтсаң тоқылдақсың!»

redaktor_qazyr

Bloomberg: Трамп Путинді келіссөздерге дайындап жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz