Qazyr.kz порталы
Қазірэкономика

Мемлекет басшысы өңірлік жүк авиахабтарын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің географиялық артықшылықтарын тиімді пайдалану қажет екенін айтты.Президент авиахабтарды дамыту көлік-тасымал саласындағы басым бағыттардың бірі саналатынына тоқталды.

 

«Күллі әлем елдері транзиттік мүмкіндіктерін арттыруға ерекше мән беріп отыр. Халықаралық бәсекелестік күшейе түсті. Қазір Қазақстан арқылы жөнелтілетін жүк, негізінен, автомобиль және теміржол арқылы тасымалданады. Бірақ сарапшылар жыл өткен сайын әуе жолдары арқылы өтетін жүк тасымалы, яғни «air cargo»-ның үлесі арта түседі деген болжам жасауда. 2040 жылға қарай әуе жүктерінің 20 пайызы «Азия — Еуропа» бағытына тиесілі болмақ. Еліміз теміржолды, автокөлік жолын және әуе тасымалын қамтитын мультимодальді логистика жүйесін қалыптастыруы керек», — деді Мемлекет басшысы.

 

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің географиялық артықшылықтарын тиімді пайдалану қажет екенін айтты

 

«Еліміз Еуропа мен Азия арасындағы негізгі әуе жолдарының түйіскен тұсында орналасқан. Біз осы ерекшелігімізді барынша тиімді әрі ұтымды пайдалануымыз керек. Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ аймағында транзиттік жүк тасымалына байланысты бәсеке күшейіп барады. Сондай-ақ көлік-логистика саласына инвестиция тартуға қатысты талас қыза түсті. Біз де батыл әрі тиімді шешімдер қабылдауымыз керек. Әйтпесе қолда тұрған мүмкіндік пен артықшылықтан айырылып қалуымыз мүмкін», — деді Президент.

Ұқсас жаңалықтар

Наурызбай ауданында инвестиция 49% өсті: әкім он айдың қорытындысын жариялады

admin_qazyr

Алматы облысында 900 орындық жаңа мектеп ашылды

admin_qazyr

Мемлекет басшысы ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Исраил Сапарбайдың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz