Qazyr.kz порталы
экономика

Қанша қазақстандық банкрот деп танылды

Қазақстанда жеке тұлғалар 1,5 жылдан бері банкроттығын рәсімдей алады. Осы уақытта 51 мыңнан астам жеке тұлға банкрот деп танылып, оларға 188 млрд теңге берешегі кешірілді. Биыл бұл рәсімдерді қолдану мүмкіндігін кеңейтетін бірқатар түзету қабылданды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов хабарлады.

Спикердің айтуынша, 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған шартындағы берешекті реттеу рәсімін жүргізу жөніндегі талап алынып тасталды. Бұрын мұндай құжаттың болуы міндетті еді. Енді борышкер соттан тыс банкроттық рәсімін себебін көрсетпей-ақ тоқтата алады, сондай-ақ кредиттік бюро деректерінде көрсетілмеген қарыздарды қоса алғанда, қаржы ұйымдары алдындағы барлық міндеттемені тоқтату мүмкіндігі бар.

«Оған қоса, қазір Парламентте ломбардтарды соттан тыс банкроттық рәсімінің кредиторлары қатарынан шығару, сондай-ақ 1600 АЕК-ке жетпейтін қарызы бар азаматтар үшін банкроттық рәсім мерзімдерін қысқарту жөніндегі түзетулер қаралып жатыр. Аталған нормалар әзірленуде», – деп түсіндірді вице-министр.

Ол осы шаралар азаматтардың шамадан тыс қарыз жүктемесін төмендетуге бағытталғанын атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Шодиев активтерін сатып, елмен қоштасқысы келеді – Шухрат оған жол бермес

admin_qazyr

Газотермикалық шашу – отандық индустрияға жаңа «сауыт»

admin_qazyr

Алматыда жол жөндеуге 30 млрд теңге бөлінді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz