Qazyr.kz порталы
АймақАуыл шаруашылығыэкономика

Көкөніс тапшылығына жол берілмейді: БҚО-да 4 жаңа қойма салынады

Батыс Қазақстан облысында 4 көкөніс сақтау қоймасы салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО әкімі Нариман Төреғалиев хабарлады.

Батыс Қазақстан облысында егін шаруашылығы саласы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Соңғы екі жылда егіс алқаптарының жалпы көлемі 15 мың гектарға ұлғайып, 638 мың гектарға жетті.

Әртараптандыру нәтижесінде бұршақ тұқымдас дақылдар көлемі 1,8 мың гектардан 22,4 мың гектарға, яғни 12 есеге өскен. Өңірде маусымаралық кезеңде көкөніс тапшылығын болдырмау үшін жалпы сыйымдылығы 65 мың тонналық 30 заманауи көкөніс қоймасы тұрақты жұмыс істейді. Жоспарда қосымша 18,5 мың тонналық 4 көкөніс сақтау қоймасын салу бар.

Өңірде суармалы жерлерді кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылы 3 млрд теңге қаражат бөлініп, суармалы жер көлемі 12,4 мың гектардан 2028 жылға қарай 38 мың гектарға жеткізіледі. Бұл алқаптарда мал азығы ғана емес, қосымша картоп пен көкөніс дақылдары да егілетін болады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

2026 жылдан бастап Қазақстанда ескі көліктерге салық жеңілдіктері енгізіледі

admin_qazyr

Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті: құтқарушылар іздестіруді жалғастырып жатыр

admin_qazyr

Қазақстан туризмді €10 млрд табыс көзіне айналдыруды көздеп отыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz