Qazyr.kz порталы
Қазір

Мемлекет басшысы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесін аралап көрді

Президент Астананың №1 Индустриалдық паркінде орналасқан бірқатар кәсіпорынның қызметімен танысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа винилді гипсокартон панелін шығаратын «Гипсовинил», өрт дабылдары, бейнекамералар мен домофондар өндіретін QR Systems зауыттарының өнімдері көрсетілді. Сондай-ақ көрмеде «Астана электротехника зауытының», «Арыстан» Астана құбыр зауытының», құрылыс және жол химиясына маманданған ARGP кәсіпорнының қызметі жөнінде мағлұматтар ұсынылған.

Бұдан бөлек, Президентке мемлекет-жеке меншік серіктестік қағидаты бойынша пайдалануға берілетін №2 Индустриалдық паркінің даму перспективасы жайында баяндалды. Аталған алаңда жалпы құны 500 миллиард теңгеден асатын және 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 100-ден астам жобаны іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар логистикалық инфрақұрылымды ілгерілету бағытында белсенді жұмыс атқарылуда. Соның ішінде «Астана-Технополис» арнайы экономикалық аймағында логистикалық парк құрылатын болады.

Астананың жалпыұлттық пулы аясында 1,9 миллион теңгеге 120 жоба жүзеге асырылады. Осы арқылы 22 мыңға тарта жұмыс орнын ашу көзделген.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда картон мен қағаз өндіретін зауыт салынады

admin_qazyr

Қазақстанда 22,7 мыңнан астам нысанда мүгедектігі бар адамдарға ыңғайлы жағдай жасалған

admin_qazyr

Депутат Бапи: Халықты сыға бергенше, банктерді қыспайсыздар ма?!

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz