Qazyr.kz порталы
АймақҚоғам

Жаңа жыл мерекесі күндері Алматы полициясы күшейтілген режимде қызмет атқаруда

Жаңа жыл қарсаңында және мерекелік күндері Алматы қаласында қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Серік Шумаев мәлімдеді деп хабарлайды Qazyr.kz.
Оның айтуынша, адамдар көп жиналатын орындарда, қала көшелерінде және тұрғын алаптарда полиция жасақтары мен патрульдік экипаждардың саны арттырылған.
«Алматы полициясы күшейтілген қызмет атқару режиміне көшті. Қызметкерлеріміз көшелерде, қоғамдық орындарда және жолдарда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, қала тұрғындары мен қонақтарының мерекені тыныш әрі қауіпсіз өткізуі үшін тәулік бойы қызмет етуде», – деді Серік Шумаев.

Мереке күндері құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға, сондай-ақ балалар мен кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылуда.
«Қала тұрғындарын қоғамдық тәртіп ережелерін сақтауға, тұрғын аулаларда тыныштықты бұзбауға, балалар мен қарттардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Әрбір саналы әрекет – қаламыздағы тыныштық пен тәртіптің кепілі», – деп атап өтті спикер.

Сонымен қатар, полиция тарапынан профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, құқық бұзушылықтың әрбір дерегіне жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидатына сәйкес заң аясында тиісті шаралар қабылданатыны айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының туристік саласына құйылған инвестиция 2025 жылы қаңтар-қыркүйек аралығында 113 млрд теңгеге жетті

admin_qazyr

Түркістандықтарды шет мемлекеттерге жұмысқа орналастыратын орталық ашылды

redaktor_qazyr

Балқашқа жол ашық, қоқысқа жол жоқ: «ecoBalqash» акциясы табиғат жанашырларын біріктірді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz