Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматылық құтқарушылар Рождество кезінде қауіпсіздікті күшейтті

Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Рождество мерекесіне күні бұрын дайындалды. 6 қаңтардан 7 қаңтарға қараған түні қала аумағындағы 13 нысанда құтқарушылар мен өрт сөндірушілер кезекшілік етеді. Бұл туралы Алматы қаласының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Жұматаев хабарлады.

ТЖД қызметкерлері барлық нысанды алдын ала тексеріп шығып, нұсқаулық жұмыстарын жүргізді. Әр аудандық бөлімше өз аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, адам көп жиналатын жерлерде тәртіп пен қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауда ұстайды.

Департамент азаматтарды діни рәсім өтетін нысандарды аралау кезінде қауіпсіздікті барынша сақтауға шақырады:

• ашық от қолданылатын шам ұстағыштарды, шамдар мен басқа да құралдарды жанбайтындай етіп, орнықты күйде орнату;
• ашық отты әрлеу материалдарынан, интерьерден, киім-кешек пен жанғыш заттардан кемінде 0,5 метрдей аулақ пайдалану;
• шыны колбалары зақымдалған шамдарды қолданбау және оларды жанғыш сұйықтықтарды пайдаланбай құю;
• ғибадат залының сыйымдылығын олардың ауданы мен эвакуациялау жолдарының өткізу қабілетін ескере отырып шектеу;
• қарсы бағыттағы адамдар ағыны қиылыспайтындай етіп келушілердің қозғалысын ұйымдастыру.

«Мерекелер тыныш әрі қауіпсіз өтуі үшін бар күшімізді салдық», — дейді Департамент өкілі. Сондай-ақ ол қала тұрғындары мен қонақтарын Жаңа жылмен және православтардың алдағы Рождество мерекесімен құттықтады.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда көше жуу маусымы аяқталып, қар мен көктайғаққа қарсы дайындық басталды

admin_qazyr

Өскеменде Жұмысшы мамандықтары жылы аясында Workshop алаңы ұйымдастырылды

admin_qazyr

Балқаш көліне апаратын жол ашылды: Жетісу туризміне жаңа серпін

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz