Qazyr.kz порталы
Қазірэкономика

Жақыповтың 800 миллионы: «Самұрық-Қазына» төрағасының үш жылдағы табысы жұртты шошытты

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыповтың соңғы үш жылдағы табысы 800 миллион теңге! Бұл экономикалық қиындықтар мен дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатқан елде болып отыр.

Қоғам белсендісі Ғалым Байтук «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Нұрлан Жақыповтың үш жылда тапқан табысының көлеміне наразылық білдірді, деп жазады Ertenmedia.kz.

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыповтың соңғы үш жылдағы табысы 800 миллион теңге! Бұл экономикалық қиындықтар мен дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатқан елде болып отыр. Сонда «Самұрық-Қазына» – ұлттық әл-ауқат қоры ма, әлде Нұрланның жеке дәулет қоры ма?» – деп жазды қоғам белсендісі өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ғалым Байтук мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда мұндай жоғары жалақының болуы әділетсіздік екенін айтты. Оның пікірінше, бюджет есебінен жұмыс істейтін ұйымдардың басшылары мен қатардағы қызметкерлердің арасындағы жалақы айырмашылығы тым үлкен.

– Ұстаздар мен дәрігерлер мемлекеттің басты тірегі. Бірақ аймақтардағы мұғалімдер мен медицина қызметкерлері айына миллион теңге тұрмақ, оған жақын жалақы да алмайды. Ал жұмысшы мамандар, инженерлер, әлеуметтік қызметкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер мүлдем басқа жағдайда өмір сүруде. Нағыз қауіпті әлеуметтік алшақтық, – дейді белсенді.

Оның айтуынша, мемлекеттік компания басшыларының мұндай жоғары еңбекақылары қоғамды біріктірмейді, керісінше, наразылық тудырып, әлеуметтік сенімді әлсіретеді.

– Квазимемлекеттік сектор элиталық клуб емес. Ол қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істеуі керек. Онда ұстанатын негізгі қағидалар әлеуметтік әділеттілік, қоғаммен ынтымақ және қанағатшылдық болуы тиіс. Егер біз әлеуметтік тұрақтылық туралы шын мәнінде ойланатын болсақ, дәл осындай әділетсіздікті жоюдан бастауымыз керек, – деп түйіндеді Ғалым Байтук.

Өткенде Экология департаментінің мамандары «Самұрық-Қазына» қорының еншілес ұйымы саналатын Karabatan Utility Solutions кәсіпорнына жоспардан тыс тексеріс жүргізіп,і былықтың бетін ашқан болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Су тасқынының алдын алу жөніне Үкімет отырысы өтті

admin_qazyr

Қазақстан Орталық Азия елдерінен 11 млрд. текше метр су алады

admin_qazyr

Айгүл Орынбек:«Қазақстанда мемлекеттік қызметте жасайтын әйелдер де еркектер тарапынан қорлық көреді»

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz