Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Таңдау жасау – ел болашағына жауапкершіліктің белгісі

Қазір қоғамда қызу талқыланып жатқан маңызды мәселенің бірі – Конституциялық реформалар.

Әлеуметтік желіде өз ой-пікірін білдірген отандастарымыздың ішінде спорт пен өнер жұлдыздары да аз емес. Солардың бірі – бокстан әлем чемпионы Айбек Оралбай өз оқырмандарын ел болашағына қатысты бірге таңдау жасауға шақырды.

– Таңдау жасау ел болашағына жауапкершіліктің белгісіМен үшін жарыстағы ең басты жетістік – шаршы алаңға шығып, өз мүмкіндігімді жүз пайыз көрсету. Жеңістің кілті жауапкершілікті өз мойнына ала білу, қиын сәтте тайсалмай соңына дейін күресу.

Бұл жерде кім шыдамды, кім көбірек еңбектенеді, сол боксшының жеңіске жету мүмкіндігі жоғары. Жауапкершілік – тек спортта ғана емес, өмірде де, ел болашағында да маңызды ұғым. Ол жаңартылған Конституцияда кеңінен қамтылған. Баршаларыңызды 15 наурыз күні өтетін референдумға шақырамын. Таңдау жасау нағыз жауапкершіліктің белгісі, – деп жазды әлем чемпионы.

Белгілі актер Ғани Құлжанов халыққа арнаған сөзінде Конституциямызға енгізілетін өзгерістер уақыт талабынан туындап отырғанын айтты
.

Ұқсас жаңалықтар

Еліміздің мектептерде STEM және робототехника кабинеттері ашылуда

admin_qazyr

29 жастағы қазақстандық Apple компаниясында басшылық қызметке тағайындалды

redaktor_qazyr

«Әлеуметтік әмиян» жобасы кеңейтіледі: газға жеңілдік енді барлық өңірге таралады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz