Qazyr.kz порталы
Әлем

OpenAI мен АҚШ Қорғаныс министрлігі: келісімшарт ашықтықты күшейтеді

Сэм Альтман

OpenAI басшысы Сэм Альтман компанияның АҚШ Қорғаныс министрлігімен жасалған келісімшартқа кейбір өзгерістер енгізу бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады Qazyr.kz.

«Біз Қорғаныс министрлігімен келісімшартымызға өзгерістер енгізіп, өз ұстанымдарымызды нақтылау бойынша жұмыс істеп жатырмыз», – деп жазды Альтман әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, жаңартылған келісім бойынша Пентагон OpenAI қызметтері АҚШ қорғаныс министрлігінің барлау агенттіктері, атап айтқанда Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (NSA) тарапынан пайдаланылмайтынын растады. Егер мұндай қызметтер қажет болса, келісімшартқа қосымша өзгерістер енгізу міндетті болады.

Бұл қадам OpenAI компаниясының жасанды интеллект технологияларын пайдалану қағидаттарының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

АҚШ Қазақстанға қатысты сауда шектеулерін алып тастауы мүмкін

redaktor_qazyr

Қазақстанда 5 сәуірден бастап мопедтерді ресми тіркеледі

redaktor_qazyr

Астана қаласында 3-7 қыркүйек халықаралық шабандоздар бәйгесі өтеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz