Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Қазақстандық зерттеушілер екі өлшемді MXene арқылы энергия сақтау саласын өзгертпек

Қазақстандық ғалымдар электр энергиясын сақтау мен жинақтауға арналған инновациялық материал – екі өлшемді MXene наноматериалдарын зерттеуде жаңа жетістіктерге жетті.

Satbayev University зерттеушілері осы бірегей материалды алудың тың әдістерін әзірлеп, олардың қасиеттерін кремний және белсендірілген көмір қосу арқылы жақсартуды сынақтан өткізді.

PhD докторы, жоба жетекшісі Қалижан Шәкеновтың айтуынша, алынған MXene-композиттерінің электрохимиялық сыйымдылығы дәстүрлі материалдардан айтарлықтай жоғары болып шыққан. Бұл энергия жинақтау құрылғыларының тиімділігін арттыруға зор мүмкіндік бермек.

Зерттеушілер MXene материалдарының алғашқы тәжірибелік үлгілерін әзірлеп, оларды зертханалық сынақтардан сәтті өткізді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға университеттің докторанттары мен магистранттары белсенді атсалысып отыр.

«Біздің материалдарымыз жаңа буындағы энергия сақтау құрылғыларының дамуына жол ашады», – дейді Қалижан Шәкенов.

Жоба қазіргі таңда бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жалғасуда. Ғалымдар келесі кезеңде материалдарды өндірістік деңгейдегі сынақтардан өткізіп, технологияны нақты қолдануға енгізуді жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Мерекелік жеңілдіктер уақыты: Алматыда «Nauryz Sale» акциясы басталды

admin_qazyr

Қазақстан Орталық Азия елдерінен 11 млрд. текше метр су алады

admin_qazyr

Заңгер: Қоғамдағы өзекті мәселелер мен шындық айтылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz