Qazyr.kz порталы
ҚазірРуханият

Алпысбай Қазғұловтың шығармашылығы Түркі әлемінде жоғары бағаланды

Баку қаласында қазақ бейнелеу өнерінің көрнекті өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», III дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері, Алматы қаласының Құрметті азаматы, танымал суретші Алпысбай Қазғұловқа Түркі дүниесі Көркемсурет академиясының атағы берілді, деп жазады Qazyr.kz.

Бұл қазақтың суретшілік өнерін халықаралық деңгейде мойындатқан талантты тұлғаның ұзақ жылғы шығармашылық еңбегіне берілген жоғары баға. Алпысбай Қазғұловты көпшіліктен даралап тұратын ерекше қасиет – оның тынбай ізденетіндігі. Ол бір сәтке де тоқтап қалмайды, үнемі жаңаны үйренуге, жетілуге тырысады. Өнерге деген адалдығы мен өз ісіне шынайы берілгендігі оның табысты болуына жол ашты.

Алпысбай шығармашылығы ұлттық бояуға қанық, әрі этнографиялық мазмұны терең туындыларға бай. Ол қазақтың салт-дәстүрі мен тарихын, ұлттық ерекшеліктерін қылқалам арқылы көрерменге шебер жеткізеді. Суретші картиналарындағы бейнелер арқылы адамның ішкі әлеміне терең бойлап, оның көңіл-күйі мен жан-дүниесін нәзік аша біледі. Сонымен қатар ұлттық нақышты сақтап, түс бояуларын үйлесімді қолдануы суретшінің өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған.

Талантты суретші картиналарындағы түс пен кеңістікті ерекше сезінуімен ерекшеленеді. Ол жарық пен көлеңкені де шебер меңгерген. Оның туындыларында оқиға желісі мен кульминация сәттері ерекше үндестік тауып, көрерменді ерекше әсерге бөлейді. Алпысбай картиналарының терең эмоционалдық ырғағы бар. Сол себепті де оның жұмыстары көрерменді еріксіз тартып, таңғалдырып тұрады.

Алпысбайдың шығармашылығында бір сиқыр бардай: картинаға қараған әр адам автордың ішкі жан-дүниесімен үндесіп, ерекше күйге бөленеді. Осылайша суретші өз туындыларымен көрерменін терең психологиялық әсерге бөлеп, рухани ләззат сыйлайды. Мұның барлығы да суретшінің таланты мен терең шығармашылық қуатының нәтижесі болса керек.

Ұқсас жаңалықтар

Жапон сарапшылары Қазақстанның гидротехникалық құрылыстарын зерттеді

redaktor_qazyr

Қадірі жоқ құрбылардың қастағы

redaktor_qazyr

Олжас Бектенов ТМД Үкімет басшыларының кеңесіне қатысты: Негізгі бағыттар мен бастамалар

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz