Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Мұз үстіндегі ұлттық сән: Алматы тұрғындары дәстүрді жаңа қырынан көрсетті

Наурыз мерекесі қарсаңында Алматыда алғаш рет бір мезетте үш мұз айдынында ұлттық киіммен сырғанау шарасы өтті, деп жазады Qazyr.kz.

18 наурыз күні сағат 16:00-ден бастап «Алматы Арена», «Халық Арена» және «Олимпик» кешендері келушілерге есігін ашты. Мұз айдынына алғашқылардың бірі болып мектеп оқушылары шықты.

Қала әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған іс-шараға әр жастағы тұрғындар қатысты. Студенттер, отбасылар, үлкен буын өкілдері айдынға шығып, тегін сырғанау мүмкіндігін пайдаланды.

Кештің ерекше көркін ұлттық киімдер айқындады. Камзол, сәукеле, зерлі шапан киген қатысушылар мұз үстін мерекелік кеңістікке айналдырды. Айдын тек спорт алаңы емес, дәстүр мен заманауи өмір тоғысқан орта ретінде көрінді.

Қонақтар суретке түсіп, әсерімен бөлісті. Көпшілік үшін бұл шара ұлттық мәдениетті насихаттаудың жаңа форматы ретінде қабылданды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар дәстүрді тек сахнада емес, күнделікті өмірде көрсетуге мүмкіндік береді. Мұз үстіндегі бұл кеш спорттық демалыстан бөлек, ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарға құрметтің белгісіне айналды.

Алматыда өткен бұл шара дәстүрді дәріптеуге ешқандай шектеу жоқ екенін көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Арбаттағы Наурыз: Талдықорған ұлттық нақышқа толды

admin_qazyr

Шымкентте Әуезов университетінің ректоры қамауға алынды

redaktor_qazyr

«Қазатомөнеркәсіп» қарқынды өсуде: Тоқаев жаңа міндеттер жүктеді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz