Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Авиаотын дауы: Air Astana мен FlyArystan айыппұл арқалады

inform.kz

Air Astana мен FlyArystan авиакompанияларына авиаотын бойынша бұрмаланған мәлімет бергені үшін айыппұл салынды, деп жазады Qazyr.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, тексеру барысында екі әуе тасымалдаушы да авиаотын көлеміне қатысты шынайы емес ақпарат ұсынғаны анықталған. Министрлік осы бағыттағы жұмыс аясында Air Astana мен FlyArystan есептерінде деректердің бұрмаланғанын тіркеген.

Соның нәтижесінде екі компанияға да әкімшілік ықпал ету шарасы қолданылды. Әрқайсысына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл белгіленді. 2026 жылғы есеппен оның көлемі 393 200 теңгені құрайды.

Шешім Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес қабылданған. Осылайша, министрлік авиаотынмен қамтамасыз ету саласындағы есептің нақтылығы мен ашықтығына бақылау күшейіп отырғанын көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар

Адам неге өз-өзіне қол жұмсайды?

Redaktor Site

Ел экспортының 35%-ын шикізаттық емес тауарлар құрайды

admin_qazyr

Ақтөбеде өзінің ішкі ағзаларын 9 миллионға сатпақшы болған ер адам ұсталды  

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz