Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Әділ Ботпанов-Өмір

Мен сені сүйемін, өмір,
Шуақты күндерің үшін.
Қос бұрым ерке қыз болып,
Сыңғырлай күлгенің үшін.

Мен сені сүйемін, өмір,
Сыйлаған жырларың үшін.
Елжірей досыма айтқан
Ең қымбат сырларым үшін.

Мен сені сүйемін, өмір,
Арайлы арманым үшін.
Алдымнан алаулап атқан,
Ақ нұрлы таңдарым үшін.

Мен сені сүйемін, өмір.
Өзіңе келгенім үшін.
Көзіме жас ала жүріп,
Қиынды жеңгенім үшін.

Мен сені сүйемін, өмір,
Тым қысқа болғаның үшін.
Жүрекке бермеген тыным
Өлеңнің толғағы үшін.
Мен сені сүйемін, өмір!

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтастық чемпионның бейнесін, туған өлкесіндегі орталық көшелердің бірінде орналасқан тақтаға ілді

redaktor_qazyr

Абай Құнанбайдың отыз төртінші қара сөзі

Redaktor Site

Мұқағали Мақатаев

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz