Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Ұлықбек Есдәулет-Қыздардың махаббаты

Қыздардың махаббаты
Ыраңды сайдағы ыза суындай
Өз көзiн өзi аша алмайтын,
Арнасынан ауытқып аса алмайтын,
Қыздардың махаббаты тамшы тектес
Қолдан жасалмайтын.

Қыздар, қыздар!
Тамшыдай мөлдiрейсiңдер,
Бақыттың терезесiнен телмiресiңдер.
Өз махаббаттарыңды ешкiмге
сездiрместен,
Өз кеуделерiңде сөндiресiңдер.

Қыздардың махаббатын ұғу үшiн –
Жаз болып жайнап,
Қыс болып суу керек;
Қыздардың махаббатын ұғу үшiн –
Қыз болып туу керек!

Ұқсас жаңалықтар

Уақыт үнемдеудің тәсілі

Redaktor Site

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Жетісуда «Жұмысшы мамандықтар: жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» атты форум өтті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz