Ағайынның қадірін жалалы болсаң білерсің,
Ата-анаңның кадірін балалы болсаң білерсің.
***
Ағайынның ұрысы — торқаның жыртысы.
***
Ағайын тату болса — ат көп,
Абысын тату болса — ас көп.
***
Ағайын — алтау, ана — біреу.
***
Ағайын — ащы, мал — тұщы.
***
Ағайынды іске шақырма, асқа шақыр.
***
Ағайын жақында отырып тістескен, алыста отырып кісінескен.
***
Ағайын жауға керек,
Мал дауға керек.
***
Ағайын қадірін білмесең жалғыздық берсін сазанды.
***
Ағайының бай болса,
Асағаның май болар.
***
Ағайының барда «дұшпаным жоқ» деме,
Абысының барда «күндесім жоқ» деме.
***
Ағайының көп болса қоғам бол, бірің оған, бірің бұған бол.
***
Ағайынмен жауласпа — басың азаяды,
Көршіңмен дауласпа — асың азаяды.
***
Ағайын бар болса көре алмайды, жоқ болса бере алмайды.
***
Ағайын бірде араз, бірде тату.
Ағайын — ағайынның айнасы.
***
Алты малта ас болмас,
Өзіңмен туған жат болмас.
***
Алыстағыңа сиын,
Жақындағыңа сүйін.
***
Араласпаса ағайын жат.
***
«Артқы айылым берік болса атым тулап не етерсің?
Ағайында бірлік болса жатым маған не етерсің?»
***
Ат арқасына ер батса аяңшыл,
Ерге жаттың тізесі батса ағайыншыл.
***
Ағайында өкпе бар да кек жоқ.
***
Ағайынды алтау болса адам тимейді, тура жүрсең лебізің күймейді.
***
Ағайынды жамандап туғанды кайдан табасың?
Арғымақты жамандап тұлпарды қайдан табасың?
***
Ағайын ала болса ауыздағысынан айрылар.
Ағайын бір өліде, бір тіріде керек.
***
Ағайынға карап бала өсер,
Қарағайға карап тал өсер.
***
Ағайынға менменсу ағат емей немене,
Ақылдылар айтқан сөз сағат емей немене.