Qazyr.kz порталы
ӘмбебапРуханият

Әкем айтып отыратын 6 қағида

ӘКЕМ АЙТЫП ОТЫРАТЫН ҮНЕМІ-6

Ажыратып масыл менен асылды,
Жамиғатпен домалатқын тасыңды.
Достарыңды жақын тартқын жаныңа,
Досыңнан да жақын тартқын қасыңды.

Естілерден ескірмейтін сөз қалған,
Нақыл сөздің заттектері тозбаған.
Әкем айтып отыратын үнемі,
Айбалта да өз сабынан озбаған.

Бетбояумен боялғанда ерінің,
Жәукемделер бедерлері терінің.
Сыртқы тұлғаң уақытша құбылыс,
Ішкі дүниең өмір бойғы серігің.

Көбеюде ақылмандар құрамы,
Байшыкештің айтқанына тұрады.
Түбегіне арақ құйып ішкенді,
Тал бесіктің киелері ұрады.

Әкешімнің дегендері, дегені,
Келіп жатыр…, сөзі неткен дөп еді?!.
Жетпісіңде бір пияла шайыңды,
Достар емес, тек кемпірің береді.

Тоқсан сайын заңдар шығып, не түрлі,
Пәруайсыз пірадарлар жетілді.
Заңдары көп,нәтиже аз заманның,
Қызық емес жері қызық секілді…

(с)Ақ-БӨРІ ҚЫДЫР
17.07.2024 ж.

Ұқсас жаңалықтар

Алмас Кішкенбаевқа қатысты сот шешімі шықты

admin_qazyr

Шерхан Мұртаза

Redaktor Site

Ғашықтық дерті

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz