Qazyr.kz порталы
ҚазірСпорт

Қазақстанда Олимпиада жеңімпаздарына ай сайынғы төлем мөлшері бекітілді

Қазақстанда Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарында, сондай-ақ басқа да ірі халықаралық жарыстарда жүлделі орын алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына төленетін ай сайынғы сыйақы мөлшері бекітілді деп хабарлайды Qazyr.kz

Бұл ереже Мәдениет және спорт министрлігінің жаңа бұйрығында көрсетілген.

Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін төлемдер көлемі:

1-орын — спортшыға 250 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) немесе шамамен 985 мың теңге (1,8 мың доллар), жаттықтырушысына – осы соманың жартысы;

2-орын — спортшыға 200 АЕК (785 мың теңге), жаттықтырушысына – жартысы;

3-орын — спортшыға 150 АЕК (590 мың теңге), жаттықтырушысына – жартысы.

Сонымен қатар, басқа да халықаралық біріншіліктерде жүлде алған спортшылар мен бапкерлерге арналған төлем мөлшері де бекітілді. Бұл бастама спортшылардың еңбегін бағалап, олардың халықаралық ареналардағы жетістіктерін ынталандыруды көздейді.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Астанада әскери-музыкалық фестиваль басталды

redaktor_qazyr

Қазақстан мен Ресей президенттері бейресми кездесу өткізді

admin_qazyr

Биыл 11-сыныпты 217 мыңнан астам түлек бітіреді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz