Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Ақмола облысында мемлекеттік қызметтегі басшы әйелдердің үлесі 44,1% құрайды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті 2024 жылдың 9 айы бойынша жұмыс қорытындысын шығарды.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Мемлекеттік аппараттың кадрлық жай күйіне жүргізілген мониторинг нәтижесі мемлекеттік қызметшілердің сапалық құрамының жақсарғанын көрсетіп отыр.

Мемлекеттік қызметшілердің 28,6% — 35 жасқа дейінгі жастар. Мемлекеттік қызметшілердің 89,7% жоғары білімге, 16,7% екі не одан артық жоғары білімге ие. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметте ғылым кандидаттары, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының және шетелдік білім беру түлектері жұмыс істейді.
Гендерлік саясат сәтті жүзеге асырылуда — мемлекеттік қызметшілердің 1870 немесе 65% әйелдер. Жалпы, облыстың мемлекеттік қызметінің басшылық лауазымдарында 435 әйел жұмыс істейді. Бұл көрсеткіш жалпы басшы құрамның 44,1% құрайды.
Басшылық лауазымдардағы әйелдердің құрамы келесідей:
— облыс әкімінің орынбасарлары — 0,2%
— қалалардың, аудандардың әкімдері және олардың орынбасарлары — 2%
— аппарат басшылары және олардың орынбасарлары — 3,8%
— облыстық басқармалардың басшылары және олардың орынбасарлары — 3,3%
— құрылымдық бөлімшелердің басшылары — 36,6%
— ауылдық округтердің әкімдері және олардың орынбасарлары — 10,6%
— дербес бөлімдердің басшылары және олардың орынбасарлары — 24,2%
— сектор меңгерушілері — 19,3%
Қызметшілердің мансаптық ілгерілеуі оң серпінге ие: ішкі конкурстардың қорытындысы бойынша тағайындалған қызметшілердің 79,3% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Мемлекеттік органның ішінде 112 мемлекеттік қызметші ауысу тәртібімен тағайындалды, олардың 41,9% жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды. Бұдан басқа, қатарынан төрт тоқсан ішінде қызметті бағалаудың жақсы нәтижелерін көрсеткен 6 мемлекеттік қызметші жоғары тұрған лауазымдарға тағайындалды.
Сондай-ақ, соңғы 3 жылда мемлекеттік қызмет жүйесінен босатылған адамдардың саны азайып келеді. Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 1% құрайды.

Автор: Жазира Сейтмағанбетова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің ресми өкілі

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

redaktor_qazyr

Танымал боксшы ауыр дертке шалдықты

Redaktor Site

Абай Құнанбайұлы-әсемпаз болма 

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz