21.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова қызметінен өз еркімен кетті

2025 жылғы 7 тамызда Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қала әкімінің тағы бір орынбасары қызметінен кеткенін хабарлады. Атап айтқанда, Әсем Нүсіпова бүгінгі күннен бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқармайды.

«Әсем Нүсіпова 2025 жылғы 7 тамызда Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен өз еркімен босатылды», – делінген.

Әсем Нүсіпова бұл лауазымды 2022 жылдың ақпан айынан бастап атқарып келген. Ол білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау салаларына жетекшілік еткен болатын.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы әкімінің орынбасарлары ретінде Асқар Әмірин (қоғамдық көлік, энергетика, сумен жабдықтау және қаржы), Бейбіт Шаханов (құрылыс, спорт, жер қатынастары), Азамат Қалдбеков (қоғамдық даму, мәдениет, дін және жастар саясаты) және Олжас Смағұлов (экономика, мемлекеттік активтер, кәсіпкерлік, өнеркәсіп, туризм, экология және абаттандыру) қызмет атқаруда.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында бройлер құс фабрикасы салынады

admin_qazyr

Атыраудағы Жайық өзенінен ер адамның денесі табылды

redaktor_qazyr

Жетісу облысында Бірлік күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясы ашылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz