Qazyr.kz порталы
АймақҚазірэкономика

Алматы Қытай туристеріне есігін айқара ашты

Aлматыда Қазақстан мен Қытай арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасы мәлімдеді,- деп хабарлайды Qazyr.kz

«Қазақстан – Қытай» туризм жылы аясында жасалған бұл меморандум Қытай Халық Республикасынан туристерді тартуға бағытталған жаңа стратегиялық мүмкіндіктерге жол ашады.

Алматы қаласының Туризм басқармасы мен Шаньдун провинциясының туристік ұйымдары арасында қол қойылған келісімдер бірлескен туристік өнімдерді дамытуға, Қытайдан келетін туристер ағынын арттыруға және қаланың инфрақұрылымын кеңейтуге бағытталған. Бұл қадамдар Алматының халықаралық туристік орталық ретіндегі орнын нығайтып, екі ел арасындағы мәдени және іскерлік байланыстарды дамытуға ықпал етеді.

2024 жылы Алматы қаласына Қытайдан 99 мыңнан астам турист келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 50%-ға көп. Меморандум Қытайдан келетін туризмді дамытудағы маңызды кезең болып табылады және қонақжайлылық пен туризм саласындағы ұзақ мерзімді, өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін ашады.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жезқазғанда 5 жасар бала көше бойындағы адамдарды қағып кетті

redaktor_qazyr

Келесі аптада Қазақстан билігі елдегі ислам фундаментализмі мен реваншизмі бойынша жабық кеңес өткізеді

redaktor_qazyr

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Президент қабылдауында болды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz