Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Келесі аптада Қазақстан билігі елдегі ислам фундаментализмі мен реваншизмі бойынша жабық кеңес өткізеді

Келесі аптада Қазақстан билігі елдегі ислам фундаментализмі мен реваншизмі бойынша жабық консультациялар өткізе бастамақ. Ол мәселе Қауіпсіздік кеңесіне шықпаса да, Парламент палаталарының спикерлері, кеңес мүшелері, күштік құрылым басшылары өзара жаңа шешімге келетін болады,-мұны Dala Inside дереккөзі хабарлады.

Мәжіліс пен Сенат спикерлеріне сақалдылардың соңғы қылықтары мүлде ұнамай отыр. Оған қоса Мәжіліс депутаттарының өз арасында салафизмді астыртын қолдау әрекеттері байқалып қалған. Әзірге люстрация туралы әңгіме қозғалған жоқ. Бірақ латентті салафит депутаттар қарындашқа ілінді.

Мемлекеттің кері реакциясына соңғы уақытта шетелдегі эмиссарларынан тапсырма алған салафиттердің жер-жерлерде ұйымдасып, елдегі білім жүйесіне, ұлттық дәстүрге, аспаптарға «харам, ширк» деп қарсы көтерілгені себеп болды. Егер сақалдылар «орамал» митингіне шығатын болса, полицияға өте батыл қимылдауға толық карт-бланш берілген.

Ұқсас жаңалықтар

Цифрлық трансформация: бастапқы денсаулық сақтауда жаңа құралдар енгізілді

admin_qazyr

Мырзакентте үй өртенді

redaktor_qazyr

«Алатау» шипажайы нарықтан үш есе арзан бағаға сатылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz