Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚоғам

Алматы облысында интернет-алаяқтар қолға түсті

Алматы облысында 170-тен астам интернет-сайт бұғатталды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. 

ІІМ-нің мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында түрлі сипаттағы 46 қылмыстық іске қатысы бар 74 күдікті анықталған.

«Операция барысында ақша қаражатының заңсыз айналымымен айналысқан 62 тұлға ұсталды. Киберкеңістіктің тұрақты мониторингі нәтижесінде алаяқтық әрекетті жүзеге асырған 177 жалған интернет-сайтты бұғаттауға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, киберқылмысқа күдікті 56 адамның шоттары жабылып, зардап шеккендерге 36 млн 462 мың теңге сомадағы ақшалай қаражат қайтарылды», —  деп түсіндірді Алматы облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Нұржан Кеңесханұлы.

Ұқсас жаңалықтар

Екі ақылды болса

redaktor_qazyr

Солтүстік Корея әскері шегініп жатыр: Ресей Пхеньяннан қосымша көмек сұрауы мүмкін

redaktor_qazyr

Түркістан облысында 70,9 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz