Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарСаясат

Орал қаласына жаңа әкім тағайындалды

Орал қаласының жаңа әкімі болып Мұрат Бәйменов тағайындалды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Мұрат Бәйменов бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 

1 қазанда қала әкімдігінде мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті. Мәслихат депутаттары Орал қаласының жаңа әкімінің кандидатурасын қарады. Депутаттардың келісімімен, Орал қаласын Мұрат Бәйменов басқаратын болды. 

Байменов Мұрат Болатұлы 1969 жылы дүниеге келген. 2002 жылы Орта Азиялық университетін экономист-қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. 24.06.2020 жылдан осы тағайындауға дейін Бәйтерек ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Солтүстік Арал теңізінің айдыны суға толып, балық популяциясы қалпына келді

admin_qazyr

Түркістан тұқымбақтарында 30 миллион көшет өсірілді

admin_qazyr

Дональд Трамп TikTok-ты «құтқару» мүмкіндігін қарастыруда

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz