Qazyr.kz порталы
ӘлемӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

Солтүстік Корея әскері шегініп жатыр: Ресей Пхеньяннан қосымша көмек сұрауы мүмкін

Сурет:Usbanov

Оңтүстік Корея барлау қызметінің (NIS) мәліметінше, Солтүстік Кореяның Ресейге жіберген сарбаздары 2025 жылдың қаңтарынан бастап ұрыс қимылдарына белсенді қатыспай, шегінуге мәжбүр болған. Бұған басты себеп – майдандағы ауыр шығындар.

Солтүстік Корея әскерилері Ресейдің Курск облысын қорғауға жіберілген. Оңтүстік Кореяның есебіне сүйенсек, жалпы саны 11 мың сарбаздың кемінде 300-і қаза тауып, 2700-і жараланған.

2024 жылдың күзінде Солтүстік Корея Ресейге 12 мыңға жуық сарбаз жіберіп, олар қараша айында Украина күштерімен тікелей қақтығысқа түскен. Сол кезде Украина Солтүстік Кореяның екі сарбазын тұтқынға алған болатын.

Соғысты зерттеу институты (ISW) Солтүстік Корея әскерінің дрондарға қарсы қорғаныс жүйесінің әлсіз екенін атап өтті. Ал Батыс барлау қызметтері Пхеньян жақын арада Ресейге қосымша 10-12 мың сарбаз жіберуі мүмкін деген болжам жасауда.

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкер Илон Маскты Трамп жаңа құрылған департаменттің басшысы етіп тағайындады

redaktor_qazyr

Журналист Амангелді Батырбеков 20 күнге қамалды

redaktor_qazyr

Алматының Наурызбай ауданында 40 шақырымнан астам инженерлік желілер салынды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz