Алматыда 30-31 қаңтар күні кей көшелер уақытша жабылады.Бұл туралы  Қазір тілшісі хабарлайды.

Алматыда 30-31 қаңтар күндері бірқатар көшелер уақытша жабылады. Бұл шектеулер «Digital Almaty 2025» халықаралық форумының өтуіне байланысты енгізіліп отыр. Ауқымды шара «Атакент» іскерлік ынтымақтастық орталығында өтеді.

Қозғалыс шектелетін көшелер:

Майлин көшесі

Құлжа трактісі

Бұқтырма көшесі

Үлкен Алматы айналма жолы (ВОАД)

Әл-Фараби даңғылы

Сейфуллин даңғылы

Достық даңғылы

Жароков көшесі

Қала тұрғындары мен қонақтарына осы күндері жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, балама бағыттарды пайдалануға кеңес беріледі.