Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғамРуханият

Алматыда «Адал азамат – ұлт келбеті» атты V республикалық форум өтті

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен «Адал азамат – ұлт келбеті» атты V республикалық форум өтті, деп хабарлайды Qazyr.kz

Ауқымды шараға ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Парламент Мәжілісінің депутаты Сергей Пономарев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА қоғамдық құрылымдарының мүшелері және өңірлік ақсақалдар кеңестерінің төрағалары қатысты.

Форум аясында ҚХА-ның XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырмалардың орындалу барысы мен Ассамблеяның 30 жыл ішінде атқарған жұмыстары жан-жақты сараланды. Сонымен қатар этносаралық татулықты нығайту, ұлттық тәрбие мен дәстүрлі құндылықтарды жастар арасында кеңінен насихаттау бағытында Ақсақалдар кеңесінің рөлі ерекше аталып өтті.

Пленарлық отырыста «Адал азамат» жобасын жүзеге асыру мәселесі, этномедиацияны дамыту, Аналар кеңесімен ықпалдастықты арттыру және жас буынды адамгершілікке, патриотизмге баулу мәселелері көтерілді.

Форум қазақстандық қоғамда бірлік пен келісімді нығайтуда үлкендер институтының маңызды орнын тағы бір мәрте айқындай түсті.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Nomad Wrestling 2 турнирінде Азамат Бақытов жеңіске жетті

admin_qazyr

«Жүргізуші куәлігін алып беремін» деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

redaktor_qazyr

Қарағанды облысындағы шахтадан қаза болған кеншілердің аты-жөндері белгілі болды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz