-5.7 C
Шымкент
22-Қаңтар, 2025
Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Алматыда АҚШ косулдығының ғимараты салынады

Мәжілісте Алматы қаласынан консулдық мекеме салу үшін АҚШ үкіметіне жер телімін жалға беруді көздейтін заң жобасы қарала бастады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Келісім туралы негізгі деректер:

Орналасқан жері:Алматы қаласы

Телімнің аумағы:70 000 м²-ден астам

Жалға беру мерзімі:49 жыл

Мақсаты:консулдық ғимаратын салу және пайдалану

Аталған келісімге 2024 жылы 27 қыркүйекте Нью-Йоркте қол қойылған.

Депутат Айгүл Құспанның түсіндіруінше, құжат ережелері жалға алу тәртібі мен шарттарын реттейді. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитет заң жобасы бойынша қорытынды дайындайтын болады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан Үкіметінің қаулысы жарияланған еді.

“Қазақстан Республикасының Үкіметі Америка Құрама Штаттарының Үкіметіне Алматы қаласындағы АҚШ-тың консулдық мекемесінің ғимаратын салу үшін жер учаскесін жалға беру туралы келісімнің жобасы мақұлдансын”, – делінген еді қаулыда.

Келісім жобасына сәйкес Алматы қаласындағы Жамақаева көшесі, Әл-Фараби даңғылы, Сейфуллин даңғылы, Алдара Көсе көшесінің арасында орналасқан жер учаскесі жалға беріледі. Жалдау мерзімі шарт жасалған күннен бастап 49 жыл деп есептелінген.

“Жалға алу ақысы (жалпы ұзақтығына шектеусіз) 25 301 016 доллар және осы келісім күшіне енген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде бір реттік төлеммен төленеді”, – делінген келісім жобасында.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 100-ге жуық әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

redaktor_qazyr

Жұмыстан босатылған мем-қызметкерлерге тағы бір мүмкіндік берілмек

redaktor_qazyr

Шымкент полиция департаментінің басшысы ауысты

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz