Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғам

Шерзат Болаттың өлімі: тергеу аяқталды

Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша қылмысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Тараптар қылмыстық іс материалдарымен толық танысты, іс сотқа жіберу үшін прокурорға жолданды.

Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізілді, шамамен 200 куәгерден жауап алынды, барлық күдіктілердің оқиға орнында айтқан жауаптары тексерілді, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілді, сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған өзге де тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.

Қылмысқа қатысушылардың барлығына құқықтық баға бере отырып, 8 бейнематериал зерттелді.

Қылмыстық іс 62 томнан тұрады, оның ішінде барлық жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары, жауап алу хаттамалары және басқа да маңызды материалдар бар.

Әрбір тергеу әрекеті қылмыстық заңнама талаптарына сәйкес жүргізілді, тергеудің барлық кезеңдерінде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді.

Тергеудің барысы және процесс қатысушыларының конституциялық құқықтарының сақталуы прокуратура органдарының бақылауында болды.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

admin_qazyr

Шымкентте 26-27 тамызда жәрмеңке өтеді

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы әлемдік нарықтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты шұғыл жиын өткізді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz