19.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақБілімҚазір

Алматыда «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» форумы өтті

Бүгін Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігінің қаланың Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен «ХХІ ғасырдың қаржылық триггерлері» тақырыбында форум өтті, – деп хабарлайды Qazyr. kz

Іс-шара «Заң және Тәртіп» мемлекеттік бастамасы аясында ұйымдастырылып, азаматтардың цифрлық ортадағы қазіргі қаржылық қауіптер туралы хабардарлығын арттыруға және қаржылық сауаттылығын көтеруге бағытталды.

Форум жұмысына құқық қорғау органдарының өкілдері, қаржы және цифрлық қауіпсіздік саласының сарапшылары, жастар, студенттер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Спикерлер қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықтың алдын алу және қаржылық пирамидалармен күрес секілді маңызды мәселелерді талқылады. Бұл тақырыптар цифрлық дәуірде өзекті қауіптердің бірі болып отыр.

Форум аясында интернет-алаяқтық пен заңсыз қаржылық пирамидаларға қатысты нақты қылмыстық істер қаралып, осындай құқықбұзушылықтарға қарсы іс-қимыл тетіктері түсіндірілді. Қатысушыларға алаяқтық схемалар мен оларды анықтау тәсілдері бойынша талдамалық шолулар ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Жеңіс күні келген сайын

Redaktor Site

Мағжан Жұмабаев

Redaktor Site

Адамдар қалай ғашық болады?

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz