Qazyr.kz порталы
Қазір

Алматыда көру және есту қабілілеті төмен адамдар үшін жеті кітапхана жұмыс істейді

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың инклюзивті орта құру тапсырмасы аясында бұл кітапханаларда мәтінді тактильді форматта көрсететін Брайль дисплейлері, Брайль мәтінінде басып шығару принтерлері,  тексті  дауыстап оқитын және аудиоформатқа аударатын сканерлер орнатылған.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың ақпаратқа қол жекізуін қамтамасыз ететін бейімделген бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлер, аудиокітаптарды тыңдауға арналған құлаққаптармен жасақталған.

Есту және көру қабілеті бұзылған адамдар мына кітапханаларға бара алады: Жамбыл атындағы ҚЖК, «Alatau Creative Hub», Чехов атындағы ОҚК, Қазақстан жазушыларының кітапханасы, сондай-ақ №4, 14 және 45 филиалдар.

Бұл жерлерде ақпараттық ресурстарды пайдалану ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған. Бастама мәдени нысандарға тең қолжетімділік пен кедергісіз орта құру қағидасы аясында қала әкімінің тапсырмасымен жүзеге асырылды.

Айта кетейік, бұл кітапханаларда көру қабілеті нашар қызметкерлер де жұмыс істейді. Олар оқырмандарға құрал-жабдықты үйренуге, қажетті ресурстарды іздеуге және оқытуға көмек көрсетеді. Бұл жұмыс орындарын құруға және қаланың барлық тұрғыны үшін мәдениет пен білімге деген қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Ресейден экстрадицияланған қарақалпақ белсенділері Нүкісте қамауға алынды

redaktor_qazyr

Дәстүрлі Фараби форумның жабылу салтанаты өтті

admin_qazyr

Qazyr.kz : Қазақстан және әлемнің дәл қазіргі жаңалықтары

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz