Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғам

Дархан Сатыбалды Алматыда Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты

4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай Алматыда «Батыр» Президенттік полкінің арнайы тобы Ту көтеру салтанатты рәсімін өткізді, – деп хабарлайды Qazyr.kz

Патриоттық іс-шара тау баурайындағы «Медеу» спорт кешенінде ұйымдастырылды. Салтанатты рәсімге қала әкімі Дархан Сатыбалдымен қатар, мәдениет пен спорт қайраткерлері, қоғам белсенділері, Қазақстан Халқы Ассамблеясының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілер тұста Б. Байқадамов атындағы хор капелласы мен Алматы гарнизонының үрлемелі оркестрі Мемлекеттік Әнұранды орындады.

Ал, салтанатты іс-шарадан кейін көпшіліктің назарына қаладағы жетекші шығармашылық ұжымдар мен өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Көрермен «Қазақстаным», «Отан», «Туған жер», «Туған жерім тамаша», «Сүйікті елім», «Мен Қазақпын», «Ұлы дала», «Қазағым», «Атамекен» сынды бірқатар патриоттық әрі эстрадалық композицияны тыңдады.

Қоса кетейік, Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар қала аудандарында жалғасып жатыр.

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Түркістандық колледж мұғалімі қымыздан балмұздақ жасап шығарды

redaktor_qazyr

Қазақстанның паспорты екі саты көтеріліп, Global Passport Power Rank 2025 рейтингінде 52-орынды иеленді

redaktor_qazyr

Қазақстанда газ саласы дамып, цифрландыру қарқын алуда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz