Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазірҚоғам

Түркістандық колледж мұғалімі қымыздан балмұздақ жасап шығарды

№11-ші Түркістан колледжінде «Тамақтандыруды ұйымдастыру» мамандығы бойынша дәріс беретін педагог Жадыра Байдалы қымыздан балмұздақ пен сабын жасап шығарды,-деп хабарлайды Qazyr.kz тілшісі.

Жаңа жобаның мақсаты — ұлттық балмұздақтың биологиялық құндылықтарға бай және адам ағзасына пайдалы екенін дәлелдеу. Қымыз балмұздағының басқалардан айырмашылығы отта дайындалады және оның құрамы өзгермей, табиғи құндылығын сақтайды.
«Біздің нарықта ұлттық өнімдер, оның ішінде қымыз өнімдерінің түрлері аз екенін байқауға болады. Балмұздақ жастарға да, балаларға да ұнайды. Қоспасыз биоөнімдер денсаулыққа да пайдалы», — дейді Жадыра Байдалы.
Педагогтың айтуынша, сусынның құрамында түйіршікті ақуыздар бар, ол адам денсаулығына пайдалы табиғи иммундық қасиеттерге ие. Сонымен қатар, Жадыра емдік пайдасы бар саумал қосылған сабын шығара бастады. Жобаны мемлекет қолдайтын болса, эко өнімдерді болашақта Қазақстанның өзге өңірлері мен шетелге экспорттауды жоспарлап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Speed Breeding: Қазақстан аграрлық ғылымында жаңа дәуір басталды

admin_qazyr

Биыл мектептерде соңғы қоңырау болмайды,24 мамыр барлық мектепте сынып сағаты ұйымдастырылады.

redaktor_qazyr

Жетісу облысында биыл 44 жаңа медициналық нысан пайдалануға беріледі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz