Qazyr.kz порталы
АймақӘмбебапЖаңалықтарҚазірҚоғам

Алматыда «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматыда Бутаковка шатқалында «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясында кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті, деп хабарлайды Qazyr.kz «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға «AMANAT» партиясының мүшелері, «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, Қазақстан халқы Ассамблеясының жастары, «Жас Эко Патруль» еңбек жасағы және 100-ден астам ерікті қатысты.

Қатысушылар шатқалды тұрмыстық қалдықтан тазартып, қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қоғам назарын аударды. Іс-шара экологиялық мәдениетті насихаттап қана қоймай, азаматтық белсенділік пен қоғамдық жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

«Біз «Таза Қазақстан» ұлттық жобасы аясындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеміз. Бүгінгі акция — Бірлік күніне орай ұйымдастырылған маңызды шара. Бутаковка шатқалын тазарту арқылы біз табиғатты аялаудың, қоғамдық ұйымдар мен жастардың ортақ іске біріге алатынын көрсеттік», – деп атап өтті «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Қуаныш Төлепов.

«AMANAT» партиясы алдағы уақытта да экологиялық бастамаларды қолдап, қала мен елді мекендерді көркейту бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

redaktor_qazyr

Сарапшы: Ресейге салынған санкциялар Қазақстан экономикасына қауіп төндіреді

redaktor_qazyr

Дархан Сатыбалды қала инфрақұрылымын тексерді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz