Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Алматыда жүк көлігі жардан құлады

Алматының Медеу ауданында бетон таситын жүк көлігі жардан құлап, жеке үйге соғылды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Қалалық полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 13 қыркүйек 20:00 шамасында болған.

”Жүк көлігінің жүргізушісі Каменский үстіртіндегі Қайнар көшесімен келе жатып, көліктің өз бетінше қозғалуына жол бермеу шараларын қолданбаған. Соның салдарынан ауыр жүк көлігі оңтүстік бағытта өз бетінше кетіп қалып, үйдің қоршауына соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Медеу аудандық полиция басқармасының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтауға кірісті”, — деп хабарлады қалалық ПД қызметі.

Ұқсас жаңалықтар

Мобильді аударымдардың шегін өзгерту мәселесі талқылануда

redaktor_qazyr

Ауылға қонаққа келіп,шатасып басқа үйге кіріп кеткен бейшара жігітті тұрғындар «педофил»,-деп тепкілеп тастаған

redaktor_qazyr

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша әр балаға 129,38 доллар аударылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz