Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Жамбылдықтар Нұрдәулет Жұмағалиға пәтер сыйлады

Жамбылдықтар Паралимпиаданың күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Нұрдәулет Жұмағалиды қошеметпен қарсы алды,  деп хабарлайды Qazyr.kz порталы.

Алдымен параспортшыны жақындары мен жанкүйерлері Әулиеата халықаралық әуежайынан құшақ-құшақ гүл шоғымен күтіп алып, жылы лебізін білдірді.

Бұдан соң «Тараз-Арена» спорт кешенінде салтанатты шара ұйымдастырылып, оған Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.

Өңір басшысы жүзу шеберін айтулы жеңісімен құттықтап, жамбылдықтардың атынан алғыс айтты.

Нұрдәулет Жұмағалиға жазғы Паралимпиададағы жоғары көрсеткіші үшін демеушілердің тарапынан 2 бөлмелі пәтер мен Toyota Camry 75 автокөлігінің кілті табысталды.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл 186 000 түлек мектеппен қоштасады

redaktor_qazyr

Монтайтас: «Айдос асханасы ауылдан бір жола көшпекші»

redaktor_qazyr

Алматыда лифт пен газ қауіпсіздігіне қатысты айыппұл көлемі белгілі болды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz