Qazyr.kz порталы
БілімРуханият

Америка құрама штаттары

Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың қорытындысы.
Саяси- экономикалық дамуы. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс АҚШ-ты халықаралық қатынаста түбегейлi өзгерiске әкелдi — АҚШ соғысқа Антанта жағында 1917 жылы сәуiр айында кiрдi. 1918 жылы көктемде Америка әскерлерi Еуропа құрлығына келiп, шiлде-тамыз айларында соғыс майдандарына қатысты. Соғыс АҚШ-тың жерiн қамтыған жоқ, экономикасы ешқандай зиян шекпедi. АҚШ-тың соғыста адам шығыны өте аз болды. Соғыс майданында 50 мың адам өлiп, 230 мың адам жараланды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдарында АҚШ-тың өнеркә- сiп орындары тоқтаусыз жұмыс iстеп Еуропа елдерiнiң соғыс тапсырмаларын орындап отырды. Сондықтан американдық кор- порация иелерi шексiз таза пайдаға кенелді. 1914-1918 жылдары АҚШ-тың таза кiрiсi 33,5 млрд доллар болды. Өнеркәсiптiңдамуының дүниежүзiлiк саладағы үлес салмағы өстi. 1919 жылы АҚШ дүниежүзiнде өндiрiлген өнеркәсiп өнiмдерiнiң, оның iшiнде көмiрдiң 50%, шойын мен болаттың 5 3 ; мұнайдың 3 2 ; автомобильдiң 85% шығарды. Соғыстың қорытындысында АҚШ-тың экономикалық күш қуаты артты. Сонымен қатар, АҚШ қаржы саласында Еуропа елдерiне көптеп инвестиция арқылы көмектесiп, өндiрiсiн дамытуда. Олар қаржы саласында АҚШ-қа тәуелдi болды. АҚШ инвестициясы Еуропа елдерiне: – соғысқа қажеттi заем 11 млрд долларға жеттi; – Канада мен Латын Америка елдерiне жеке инвестиция мөлшерi 7 млрд доллар болса, 20 жылдарда дүниежүзi елде- рiндегi АҚШ инвестициясының мөлшерi 18 млрд долларға жеттi. Соғыстың АҚШ үшiн қорытындысы, Еуропа елдерiне Аме- рика капиталының көп мөлшерде шығарылуы, АҚШ қарыз беретiн елге айналды. Соғыстың қорытындысында АҚШ дү- ниежүзiне өзiнiң саяси экспанциялық саясатын нығайта түстi. Дүниежүзiлiк рынокты өз қолына ала бастады. АҚШ президентi Вильсонның сөзiмен айтқанда: «Бiздiң мiндетiмiз дүниежүзiне ақша беру болса, ақша берген ел әлемдi билей бiлуi керек». Бұл саясаттың негiзi – АҚШ-тың дүниежүзiлiк гегемондық билiкке шығуы болды. Соғыстан кейiн АҚШ президентi Вудро Вильсон (1856-1924) болып қалды. Iшкi саясатта либерал-реформаторлық бағыт ұс- тап, Американың қаржы капиталының мүддесiн қолда-ды. Сыртқы саясатта Латын Америкасы елдерiне қарсы экспанция- лық саясат жүргiздi. 1918 жылы қаңтарда атақты «14 пункт» бағдарламасын ұсынып, Париж конференциясына қатысты. 1920-1921 жылдарда АҚШ-та экономикалық дағдарыс кең етек алды. Елде ереуiлдiк қозғалыс күшейдi. 1919 жылы елде 210 мың өнеркәсiп орындары болса, ол 1921 жылы 192 мыңға қысқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Бата

Redaktor Site

Бала, перзент туралы мақал-мәтелдер

Redaktor Site

Қойшы мен алма ағашы

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz