АҚШ-тағы мыңдаған заңсыз иммигранттар елден депортацияланатыны білгілі болды. Бұл ақпарат әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқылануда. Аталған шешімнің шығуына жақында ғана Президент болған Трамттың келімсектерге қатысты ұстанып отырған қатаң саясатына байланысты. Осы орайда 369 қазақстандық Америкадан депортацияланатыны жария болды.
Американы заңсыз мекендеп жүрген қазақстандықтардың осы елден күштеп шығарылатыны туралы ақпаратқа Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді деп хабарлайды Qazyr.kz. тілшісі.
«Барлығы Fox News жаңалықтарына сілтеме жасай отырып жаңалықтар жариялады. Сонымен қатар, депортациялауға жататын мигранттардың арасында 369 қазақстандық бар екені көрсетілген. Бұл ақпаратты тексергенде Fox News бұл жаңалықты 2024 жылдың 11 желтоқсанында жариялағаны белгілі болды. Сондықтан бұл ақпараттың «АҚШ-тың жаңа көші-қон саясатымен ешқандай ортақтығы жоқ», – деп түсіндірді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
2025 жылдың 26 қаңтарында АҚШ-қа заңсыз кірген мигранттар күн сайын әскери ұшақтармен елден шығарылатыны белгілі болды. Бұл туралы шекара қауіпсіздігіне және заңсыз иммигранттарды депортациялауға жауапты Томас Хоман мәлімдеді.
Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев та 369 қазақстандықтың депортациялануын тілге тиек етті.» Елшілік барлық азаматтармен байланыста. Біз азаматтарымызға бастапқыда ескерткен болатынбыз, мұндай саясаты жүргізіліп жатқанын, көші-қонның «Саясат қаталдап барады, сондықтан кетуге мүмкіндік болды және солай болып қала береді», — деді.
Вице-министрдің айтуынша, АҚШ-та заңсыз жүрген Қазақстан азаматы өз бетімен кетуге шешім қабылдаса, «бұның ешқандай салдары болмайды».
Кейін Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігі маңызды мәлімдеме жасады. Онда қазақстандықтарға шекара қауіпсіздігін нығайтуға және заңсыз көші-қонды азайтуға бағытталған АҚШ-тың көші-қон саясатының қатаңдатылуы туралы ескертілді.