Qazyr.kz порталы
Қоғам

Ананың,қайтыс болған баласын жоқтауы

Алып кетті жігіт болған кезінде,
Арман болған, үміт болған кезінде,
Ұлтын сүйіп ұлық болған кезінде,
Кемеліне күліп толған кезінде.

Көңіл бөліп көркем етіп кешімді,
Келін келіп жалғайды деп көшімді
Жүргенімде, алып ақыл-есімді,
Өлім келіп үмітімді өшірді!..

Тірі болып жүргеніммен… жансызбын,
Өтіп жатыр мағынасыз, мәнсіз күн.
Сен Анаңның айыптама көз жасын,
Мен ажалдың алдында, ұлым, әлсізбін…

Анаң болдым, ақ сүтіме разымын,
Жіберейін, бойыңды енді жаз, ұлым.
Жазымышты алдым ба екен, жазғырып,
Кешір, Алла, болса тілден жазығым?!

Енді сенің күлгенің де құр елес,
Күлім қағып жүргенің де құр елес.
Дәл осындай қасіретті, қайғыны,
Ешбір Ана ешбір жанға тілемес.

Автор:Ақын Қалқаман Сарин ұлынан айырылған журналист Сәуле Әбединованың баласына жоқтауы

Ұқсас жаңалықтар

Қадір түні

redaktor_qazyr

Түркістан облысында полиция 237 шетелдікті елден шығарды

redaktor_qazyr

Қазақстанның темір жол вокзалдары және станциялары бойынша анықтама алу нөмірі

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz