Qazyr.kz порталы
АймақҚазірҚоғам

Алматыда нүктелік құрылысқа жол берілмейді – Индустрия және құрылыс министрлігі уәде берді

Алматы қаласындағы урбанизация қарқыны мен тұрғын үйге деген сұраныстың артуы соңғы жылдары нүктелік құрылыс (точечная застройка) мәселесін өзекті етті. Аталған проблемаға қоғам белсенділері мен қала тұрғындары бірнеше рет наразылық білдірген болатын деп хабарлайды Qazyr.kz

Осыған орай Қазақстан Республикасының Индустрия және құрылыс министрлігі Алматыда нүктелік құрылысқа жол берілмейтінін мәлімдеді.

Министрлік өкілдерінің айтуынша, қалада құрылыс жүргізу саясаты енді жүйелі және кешенді жоспарға негізделетін болады. Әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымға — мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен қоғамдық кеңістіктерге зиян келтіретін тығыз салынған тұрғын үйлерге тыйым салынады.

«Алматы – еліміздің ең ірі мегаполисі ғана емес, сондай-ақ экологиялық және әлеуметтік тепе-теңдікті сақтау аса маңызды қала. Біз нүктелік құрылысты шектеу арқылы қала тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуды көздейміз», — деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ ведомство қала құрылысы саясатында ашықтықты арттырып, қоғам өкілдерімен және урбанист мамандармен тұрақты диалог орнатуға уәде берді. Бұдан былай жаңа құрылыс жобалары қоғамдық тыңдаулар мен сараптамалық бағалау арқылы жүзеге асады.

Мамандар бұл қадамдарды оң бағалап отыр. Қаланың ретсіз өсуі экологияға, көлік инфрақұрылымына және әлеуметтік салаға үлкен салмақ түсіріп келген. Жоспарлы даму арқылы Алматыны жайлы, қауіпсіз және үйлесімді қалаға айналдыруға болады дейді олар.

Ұқсас жаңалықтар

Жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылдарда салынып жатыр

admin_qazyr

Астанада «Games of the Future 2026» турнирі өтеді

admin_qazyr

Шерзат Болаттың ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz