Qazyr.kz порталы
Пайдалы кеңестер

Ас тұзының пайдасы

Ыстық күндері май салынған ыдысты тұзды суға малынған шүберекке орап қойса, май ерімейді.

Тағам қуырған кезде табаға кішкене тұз сепсеңіз, май шашырамайды.

Духовкаға қойған печенье күйіп кетпес үшін форма астына аздап тұз салу керек.
Балдыр иісі шыққан балықты тұзы ащы езілген салқын суға салып қойса, жаман иіс кетіп қалады.

Балық тазалаған кезде қолды тұзға батырып алу керек бұл еңбекті жеңілдетеді.
Қабығы жарылған жұмыртқаны тұзды суға салып пісірсе, ақпайды.

Көкөністердегі жәндіктерді тазарту үшін, оны пісірер алдында тұзды суға батырып алу керек.

Шойын ыдысты тат басса, оны тұз қышқылының әлсіз ерітіндісімен сүртіп кетіруге болады. Кірленген шойын ыдыстарды елеп алынған майда құммен, түрлі қағазбен ысып тазалап алып, одан кейін сода қосылған сумен жуу керек.

Жаңа сатып алынған шойын табаны пайдаланудан бұрын әуелі қатты жанып тұрған отқа қойып, ішіне тұз салып өртеп алу керек. Тұз құйып, қоңыр қызыл түсті болған кезде табаны оттан алып қоясыз да, біраздан кейін сол тұзбен табаның ішін ыстықтай сүртесіз. Бұдан кейін табаның ішін өсімдік майымен майлап, пешке қойып, әбден қыздырып аласыз. Осылайша «қыздырылған» табаға тамақ жабыспайтын болады

Ұқсас жаңалықтар

Ашуға бой алдырмас бұрын

Redaktor Site

Мұрын ашыса не істеу керек?

Redaktor Site

Бірінші курс студентіне кеңес

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz