19.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақҚазірСпорт

Астанада алғаш рет CISM Әлем чемпионаты: қазақ күресінің жаңа белесі

Астанада тарихта тұңғыш рет әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен CISM Әлем чемпионаты басталды. Бұл тек спорттық жарыс қана емес, ұлттық рух пен жауынгерлік жігерді тоғыстырған халықаралық дода деп хабарлайды Qazyr.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Ұлттық құрылтайдың IV отырысында ұлттық спорттың мәдени бірегейліктегі орнына ерекше тоқталған болатын. Президент тапсырмасымен қабылданған «Дене шынықтыру және спорт туралы» жаңа заңда қазақ күресі басым спорт түрі мәртебесіне ие болып, олимпиадалық және паралимпиадалық спорт түрлерімен қатар дамуға жол ашты.

Чемпионатқа Пәкістан, Италия, Түркия, Қытай, Бразилия, Моңғолия, Өзбекстан, Гана, Иран және басқа да елдердің әскери спортшылары қатысуда. Спортшылар 16 салмақ дәрежесінде (ерлер – 8, әйелдер – 8) бозкілемге шығады. Қазақстан намысын Қарулы күштер мен Мемлекеттік күзет қызметінің таңдаулы балуандары қорғайды.

Ұлттық құрама құрамында әлем және Азия чемпиондары, Көшпенділер ойындары мен халықаралық жекпе-жек жарыстарының жеңімпаздары бар. Олардың қатарында Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Рауза Нұрмахамметова, Зарина Сарипова секілді мықтылар бар.

Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов бұл жарысты қазақ күресінің халықаралық деңгейде мойындалуының айқын дәлелі деп атап өтті. Ал Қазақстан армиясының Орталық спорт клубы басшысы Арман Әбеуов чемпионаттың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және бұл қадам қазақ күресін 2027 жылы АҚШ-та өтетін Дүниежүзілік әскери ойындар бағдарламасына қосуға мүмкіндік беретінін айтты.

CISM – 140-қа жуық елдің әскери спортшыларын біріктіретін, Халықаралық Олимпиада комитетінен кейінгі ең ықпалды спорт ұйымдарының бірі. Чемпионат аясында төрешілер семинары мен шетелдік спортшыларға арналған практикалық жаттығулар өткізілді.

Қазақ күресі бүгінде әлемнің 40-тан астам елінде дамып келеді. Қазақстанда 3 897 үйірмеде 160 мыңнан астам адам осы спортпен шұғылданады. Соңғы жылдары халықаралық аренада өткізілетін әлем, Азия, Африка және Америка біріншіліктерінде қазақ күресі кеңінен насихатталуда.

Астанадағы бұл чемпионат – ұлттық спорттың жаһандық деңгейге шығуының нақты қадамы. Бозкілемдегі әр белдесу – ұлттық рухтың жаңа белесі.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда құрылыс нысандарынның инженерлік желілеріне тексеру жүргізілуде

admin_qazyr

Қазақстанда Өзбекстанда өтіп жатырған футбол матчында Аргентинадан жеңіліп қалды

redaktor_qazyr

Шымкентте қар, Жамбыл облысында жолдар жабылды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz