Qazyr.kz
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамМәдениет

Астанада Comic Con Astana-2024 фестивалі басталды

Астанада Comic Con Astana-2024 фестивалі басталды.Бұл туралы Qazyr.kz хабарлайды.

Жүлде қоры 12 000 000 теңге болатын косплей байқауы, дубляж жұлдыздары және қазақтың «Капитан Америкасы» – қызықты оқиғаларға толы III халықаралық Comic Con Astana фестивалі басталды.
Астанада комикстер, кинематограф, видео ойындар, аниме және заманауи танымал мәдениеттің басқа да бағыттарына арналған Comic Con Astana фестивалі басталды.
Алғашқы маңызды оқиғалардың бірі аниме, ойындар мен фантастикалық фильмде жанкүйерлерінің өздерінің сүйікті кейіпкерлерін дубляждаған танымал актерлер Егор Васильев және Ислам Ганджаевпен кездесуі болды.


Егор Васильев – дубляж актері және режиссері, ол «Жүректер байланысы», «3000 жылдық тілектер», «Форсаж-9» (жас Доминик Торетто) және басқа да аниме мен сериалдардың көптеген кейіпкерлерін дыбыстады. Жанкүйерлер оны VALORANT танымал ойынындағы Yoru агентінің дауысы ретінде де біледі. Ислам Ганджаевтың Хәрри Поттер, Жұлдызды соғыстар және басқа да көптеген анимациялық фильмдердің кейіпкерлерін дубляждаған. Жанкүйерлер оны «Человек-бензопила» фильміндегі Денджи мен «Сиқырлы шайқастағы» Сукунаның дауысы ретінде біледі.


Актерлер кездесуде жас жанкүйерлерінің сұрақтарына жауап беріп, дубляж жасау үшін қандай дағдыларды дамыту керектігі туралы кеңестерін берді.


«Сөйлеу мәнеріңізді дамытыңыздар, классикалық шығармаларды дауыстап оқыңыздар. Алдымен ондағы сөз бен ойды талдап, содан кейін дауыстап айтуды үйрену керек. Актерлік мамандық – бұл күнделікті даму, сіз тек адамдармен сөйлесу немесе аудитория алдында сөйлеу арқылы ғана жаттығасыз», – деді Егор Васильев.
Сондай-ақ, фестивальдің бірінші күні халық арасында сүйікті супер қаһарман туралы «Капитан Байтасов» атты қазақстандық фильмнің тұсаукесері өтті. Фильм сценарийіне 2011 жылы Таразда террористерді ұстау кезінде гранатаға кеудесін тосып, басқа адамдарды құтқарып қалған полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың оқиғасы арқау болған.
Фильмнің режиссері Дәурен Қамшыбаев капитан Байтасовтың оқиғасы мен фантастикалық фильмдердің супер қаһармандарының арасында ұқсастық бар екенін атап өтті:
«Бірінші кек алушы» фильмінде «Капитан Америка» эксперименті үшін курсанттардың арасында ең әлсізі болса да, неліктен Стив Роджерс таңдалды деген сұрақ қойылады. Бірақ біреу гранатаны лақтырып қалған кезде, Стив Роджерстен басқалардың барлығы қаша жөнеледі, ал ол гранатаны жауып қалады. «Бірінші кек алушының» кейіпкеріне тән бұл рух біздің арамызда өмір сүретін қарапайым адамдарда да бар. Ғазиз Байтасов сияқты батыр адамның ерлігін насихаттау біздің міндетіміз деп есептейміз».
Фильмдегі басты рөлді белгілі актер, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті Азамат Сатыбалды сомдады. Бірақ кездесуге қатысушылар батыр капитанның ұлы Әділжан Байтасовты жобаның басты кейіпкері деп атады.
Күннің бірінші жартысында Comic Con Astana алаңында қолтаңба-сессиялар, арнайы көрсетілімдер және тұсаукесерлер, соның ішінде Alluring Treasure ойындарының да тұсаукесері өтті.
Фестивальдің шоу-бағдарламасының дәстүрлі элементі – жүлде қоры 12 000 000 тг болатын халықаралық косплей байқауы. Бүгін Comic Con Astana фестивалінде байқаудың іріктеу кезеңі басталды.
Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Беларусь, Ресей, БАӘ, Қытай, Грузия, Черногория, Ұлыбритания, Армения, Кипр және Тайланд сияқты әлемнің 14 елінен косплейерлер қатысуға өтінім берді.
Косплей байқауының қазылар алқасының мүшелері арасында Даниядан келген талантты косплейер және костюмдерді жасаудың хас шебері Trine, халықаралық чемпионаттардың бірнеше дүркін жеңімпазы, Франциядан келген ксоплеер Сinderys, сондай-ақ индустрияда 8 жылдық тәжірибесі бар косплейер және Comic Con Astana-2023 косплей байқауының жеңімпазы Keller де бар.
Maul Cosplay деген атпен танымал Германиядан келген танымал косплейер Геральт Бен Шаммның қатысуы «Ведьмак» жанкүйерлері үшін жағымды тосын сый болады.


Биылғы фестивальдің хедлайнерлерінің бірі – «Ганнибал» сериалы, сондай-ақ «Доктор Стрэнж», «Казино „Рояль“», «Изгой-один. Жұлдызды соғыстар: Оқиғалар», «Индиана Джонс және Тағдыр дөңгелегі» фильмдерімен әлемге әйгілі даниялық актер Мадс Миккелсен.
Comic Con Astana үшінші халықаралық фестивалі 25-28 шілде аралығында «EXPO» ХКО-да өтеді.

Qazyr.kz

Ұқсас жаңалықтар

Монтайтас ауылдық округіне көгілдір отын қашан келеді?Депутат Маханбет Төлебековпен сұхбат

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Сарыағаш ауданында,5 жасар қызды зорлап, өлтіріп кетті

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Бұл веб-сайт тәжірибеңізді жақсарту үшін cookie файлдарын пайдаланады. Сізге бұл жақсы деп есептейміз, бірақ қаласаңыз, бас тартуыңызға болады. Қабылдау Толық оқу

Құпиялық және cookie файлдары саясаты